2021 жылдың 22 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келді,– деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. 3 708 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 688 адам, анықтамасыз 20 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2014 жолаушы, анықтамамен – 2 008, анықтамасыз – 6; Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 659 жолаушы анықтамамен келген; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен – 462; анықтамасыз – 12; Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен – 418; анықтамасыз – 2; Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 141 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 21 наурызда шетелден анықтамасыз келген 177 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Оның ішінде үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Киев – Алматы рейсімен келген.