23 наурыз күні Ақмола, Қарағанды облыстарында күн райының қолайсыздығына байланысты бірқатар тасжол жабылды. Бұл туралы ИИДМ Телеграм каналында хабарланды. Сағат 10:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, желдің күшеюі, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург – Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы, «Нұр-Сұлтан қаласы – Қарағанды облысының шекарасы» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Сондай-ақ 23 наурыз күнгі сағат 10:30-дан бастап Қарағанды облысында күн райының бұзылуына байланысты (қар, желдің күшеюі, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург – Алматы» күре жолының 1353-1426 шақырымында «Ақмола облысы – Теміртау қаласының шекарасы учаскесі» көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген. Бұдан бөлек сағат 10:45-те Ақмола облысында ауа райының бұзылуы себебімен (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі), «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» тас жолының 51-104 шақырымы «Ақмола облысы – Нұра кенті аралығы» учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Сағат 10:45-те Қарағанды облысында ауа райының бұзылуы себебімен (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі), «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» тас жолының 16-51 шақырымы, яғни «Нұр-Сұлтан қаласы – Қарағанды облысының шекарасы» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.