Павлодарда 22 наурызда 12 жасар қыз жоғалып кетті. Оны полиция қызметкерлері мен еріктілер іздестірді,– деп хабарлады Павлодар-онлайн.
"18:20-да Бұхар Жырау 351 мекенжайынан бір сағат бұрын қоқыс шығаруға далаға шыққан 12 жасар қыздың үйге қайтып оралмағаны туралы хабарлама түсті. Қыз баланың асыраушысымен бірге тұратыны және өз еркімен үйден кетіп қалып жүргені анықталды",– деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.21:30-да үйге қайтып оралған қыз қоқыс төккен соң басы айналып, есінен танып қалғанын және жертөле немесе гаражда есін жиғанын айтқан. Полиция қызметкерлері қыз баланың заңды өкілі мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің көзінше онымен сөйлесті. Мамандар қыздың денесін қарап шығып, еш жері зақымданбағанын айтты. Оқиғаның мән-жайы анықталды. Қыз бала қоқыс шығарған соң қалада серуендеп келмекші болған. Алайда адасып кеткен, кейін өз үйін тауып келген. Асыраушысынан қорқып, қыз бала өтірік айтқан болып шықты. Бұған дейін Павлодарда 12 жасар қыздың табылғаны туралы жазған болатынбыз.