Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бір авиарейс тоқтатылып, тағы бірқатар рейс қосалқы әуежайға жіберілді,– деп хабарлады «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» авиарейсі тоқтатылды. Сағат 11:00-ден 18:00 аралығындағы дауылды ескертуге байланысты жел 12 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 17 м/с-қа дейін жетеді деп болжанған. Сондай-ақ қосалқы әуежай Алматыға «Шымкент – Нұр-Сұлтан» рейсі және №КС7342 «Қостанай – Нұр-Сұлтан» рейсі жіберілді»,– деді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.Оның айтуынша, жолаушылар рейске қатысты толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен және әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сондай-ақ авиакомпаниялардың колл орталықтарынан анықтап алуы қажет.