Еліміздегі 11 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Түнде кей жерлерде көктайғақ болады, бұрқасын соғуы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар облысының кей жерлерінде қалың қар жауады, тәулік бойы тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 17-22 м/с-қа күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік шығыстан, шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 18 м/с-қа күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу боран соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді.