Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш — 106,96 құрады. Репродуктивті саны — 1,506, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» енді. Әкімдіктің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында осы жылдың 22 наурызында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 28 248 жағдай тіркелді (оның ішінде 17 947 — симптомды және 10301 — симптомсыз). Тәулігіне 203 расталған алғашқы зертханалық жағдай тіркелген. Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталса, 97-сі — өз өтініші бойынша анықталған. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады:
- Маска режимі; - адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар); - әлеуметтік қашықтық; - қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе антисептикпен зарарсыздандырыңыз.