Түнде солтүстікте қатты қар жауады. Өңірлерде тұман, көктайғақ болып, солтүстікте боран соғады. Оңтүстікте найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Павлодар облысында желдің күші түнде 23-28 м/с-қа жетуі ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Атырау облысында жел түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді. Сондай-ақ, шаңды дауыл тұрады. Түркістан, Қызылорда облыстарында тұман болады.Алматы, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Қостанай облысында тұман болады.