Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жұмысын қайта бастады.
«Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын қайта бастады. Әуе айлағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Ұшу-қону жолағы ашық, бірақ, 8 рейс кешігеді. Ұшу кестесі біртіндеп қалыпқа келеді. Рейстер туралы ақпаратты әуекомпаниялардың Call-орталықтары, әуежайдың анықтама орны және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан нақтылауды сұраймыз», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Астанада кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу-қону жолағы түнгі сағат үшке дейін жабылды.