Науқастар саны Атырау қаласы мен Теңіз кенішінде күрт көбейді.
Мәселен, 22 наурызда – 48 , ал 23 наурызда 63 науқас тіркелген.Сондай-ақ, Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай ауданы тұрғындарынан да ауру анықталып отыр. Жылыойда – 9, Құрманғазы ауданында 11 науқас тіркелген. Қазір 213 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда – 33, модульдік стационарда – 78, аудандардағы стационарларда 17 науқас ем қабылдау үшін оқшауланды.Оның ішінде, Атырау қаласында екі тәулікте 53 адамнан коронавирус анықталған. Ал Теңіз кенішінде 36 жұмысшы коронавирусқа шалдыққан.
Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 256 адам емделіп жатыр.