Жезқазған қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, апаттан зардап шеккендер жоқ.
Оқиға 23 наурыз сағат 11.15-те Комбинатская станциясында болған.Екі жүк пойызының соқтығысуына тепловоздардың бірінің тежегіші істен шыққаны себеп болуы мүмкін.«Tranco JEZZ» ЖШС-нде, Комбинатская станциясында келіп жеткен жүк тиелген 17 думпкар мен Комбинатская станциясында тұрған жүк тиелген 20 думпкар пойызы соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, апаттың себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады басқарма өкілі.
Бұған дейін пойыз өртеніп, 6 адам зардап шеккенін жазған болатынбыз.