Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы Қазақстанда 598,5 мың тонна сүт пен кілегей өндірілген. Бұл 2019 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,9%-ға артық.
LS агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда өндірілген сүттің үштен бірі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Облыстағы фермалар бір жыл ішінде 189,1 мың тонна сүт алған.
СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың мәліметінше, облыс әр оныншы қазақстандықты сүтпен қамтамасыз етіп отыр.
"Былтыр өңірде 598 мың тонна сүт өндірілді. Бір қазақстандыққа сүт тұтыну нормасы жылына 340 литрді құрайтынын ескере отырып, біздің облыс 1,7 млн. адамды сүтпен қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан халқының 10%-ға жуығы. Қазір салынып жатқан 16 сүт фермасы іске қосылған кезде сүт өндірісі тағы 51 мың тоннаға артады, - деді облыс басшысы халыққа есеп беру кезінде.
Одан кейін Алматы және Ақмола облыстары тұр. Былтыр Алматы облысында 98,9 мың тонна, Ақмола облысында – 94,9 мың тонна, Қостанай облысында – 76,6 мың тонна, ал Алматыда – 43,7 мың тонна сүт өндірілген.