Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса 1972 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданында туған.
Білімі жоғары, 1996 жылы Челябі мемлекеттік агроинженер университетін «инженер-механик», 2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «есеп және аудит бакалавры», 2014 жылы Кутно қаласындағы (Польша) мемлекеттік экономика жоғарғы мектебін «Еуропа Одағындағы мемлекеттің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшы болып бастаған. 1992 жылдың сәуірінен 1994 жылдың желтоқсан аралығында Қостанай облысы Затобол кентінің «Күміс» шағын кәсіпорнында жұмыс істеді. 1994-2011 жылдары бірқатар жеке кәсіпорындардың басшысы болды. 2013 жылдың сәуір айында Nur Otan партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың наурыз айына дейін Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдың наурыз айынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейін Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін – Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі. Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – іс басқарушы лауазымын атқарды.Осыған дейін Зеренді ауданының әкімі болды.