Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды. «Шейх Хамдан Әмірліктердің дамуы мен өркендеуі, халқының игілігі мен мүддесі жолындағы ұзақ жылдар бойы атқарған мінсіз қызметінің арқасында зор құрметке ие болғаны баршаға белгілі. Қазақстан халқы да ағаңыз Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумды екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына сүбелі еңбек сіңірген еліміздің нағыз досы, тілектес бауыры ретінде әрдайым есінде сақтайды. Жоғары мәртебелі Шейх Мұхаммед, орны толмас ауыр қайғыңызға ортақтасып, бүкіл қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге және Әмірліктер халқына көңіл айтамын» делінген жеделхатта. Бұған дейін Елбасы Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.