Қазақстандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары техникалық ақаудан кейін қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
«ІІМ ақпараттық сервисі мен мамандандырылған ХҚКО жұмысы қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз. Еске салсақ, ІІМ ӘПК сервисіндегі ақауға байланысты мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсету уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта техникалық ақаулар қалпына келтіріліп, ХҚКО штатты режимде жұмыс істей бастады», – делінген хабарламада.Бұған дейін хабарлағандай, бүгін таңғы сағат 9-дан бері техникалық ақауға байланысты мамандандырылған ХҚКО-ларда мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды.