Премьер-Министрдің Өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған. Американдық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген. 2013-2016 жж. Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды. 2016-2018 жж. АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды. 2018-2019 жж. — Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі. 2019 жылдың тамыз айынан бастап Премьер-Министрдің кеңесшісі.