Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Нұрдәулет Байғозиев Әлімтау ауылдық округінде тұрғындарды қабылдады.
Әлімтау ауылындағы тұрғындар ортақ пайдаланатын су құбырының 100 метр жері қыста күннің қатты суық болуына байланысты жарылып кеткен. Осы мәселені тұрғындар атынан А.Абдиев жеткізді. Осыдан кейін Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Нұрдәулет Тасбалтаұлы мәселені шешу мақсатында өз қаражаты есебінен ортақ пайдаланудағы су құбырын жөндеп берді.
Жомарт жанның игі ісіне ауыл тұрғындары алғыс білдіріп жатыр.