Шетелге баратындар ПТР-тесттің ақшасын өз қалтасынан төлейді

Шетелге баратындар ПТР-тесттің ақшасын өз қалтасынан төлейді

Бұдан былай шетелге шығатын Қазақстан аза­­маттары ПТР-тест үшін қар­жыны өз қалтасынан тө­лейді.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ве­­­­домст­воаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Анықтама құны турпакеттің құнына кіреді. «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер палатасы бұл мәселені бұған дейін де бірнеше рет тал­­қылаған болатын. «Атамекеннің» басқарма тө­рағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, шетелге барып келетіндер ара­­сында ПТР-тест тапсыру мә­­­селесі ұзақ тал­қы­ланды. Себебі эпидемиологиялық ах­уалға бай­­­­ла­­­­­нысты ұшаққа жо­лау­шыларды отырғызуға қа­тысты әр мем­лекетте әртүрлі талап бар. «Ұшақпен қатынайтын жо­лаушылардың қауіпсіздігі үшін ПТР-тест нәтижесінің алдын ала дайын болғаны тиімді. Сан түрлі себеп айтып, тестілеуден өт­­пей­тіндер де бар. «Тес­ті­леуден өтіп үлгермедік де­ген­дер де болды. Кейбірі зерт­­хана таппадық», – дейді. Енді бірі­нің қаражаты тап­шы бол­ған», – деді. Сондықтан бұдан былай саяхаттайтындар мен шетелге іссапарға шығатындар уақыт жо­ғалтпайды. Алдын ала келі­сілген зертханада сынақтан өтеді. ПТР-тест құнын төлеуден бас тарт­қан­дарға турпакет сатыл­майды. Жаңа шешім туристер санының артуына ықпал етеді.

Н.БАҚЫТ