Елорда әкімдігінің хабарлауынша, волонтерлер қар күреп жүрген қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты. Бұл шара «Қайырымды істер марафоны» аясында өткен.
Волонтерлер ыстық шай мен бауырсақ таратып қана қоймай, қар күреуге көмектескен. Санитарлық қызметкерлердің айтуынша, олар ауа райына қарамай, бес сағаттан бері қар күреген. Жастардың осындай әрекетіне риза болған қызметкерлер әлденіп, бойы жылынғанын жеткізген. Жалпы, 25 наурыз күні елорда көшелерінің қарын күреуге 2 000-ға жуық жұмысшы мен 1 400-ден астам техника жұмылдырылды. Өткен тәулікте қаладан 100 мың текше метрден аса қар шығарылды.А.АЙДАРҚЫЗЫ