Оңтүстік және Атлантикалық циклондар әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыста жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Өңірлерде тұман, көктайғақ болып, дауыл соғады. Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел екпіні – 15-20 м/с, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау, Солтүстік Қазақстан облысында тұман, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облысында жел екпіні 23-28 м/с күшейіп, Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман басады. Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.