Бір күнде аурудан 14 адам қайтыс болды

Бір күнде аурудан 14 адам қайтыс болды

24 наурыздағы ақпарат бойынша коронавирустан 11 адам, пневмониядан 3 адам қайтыс болды.

Қазақстанда былтыр 1 тамыз бен биыл 24 наурыз аралығында коронавирустан барлығы – 2 963 адам, пневмониядан 672 науқас қайтыс болды. 26 наурыздағы жағдай бойынша 22 131 адам (19 623 КВИ+ және 2 508 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде, 6 981 науқас стационарда, 15 150 пациент үйінде емделуде. Коронавирусқа шалдыққан 321 адамның денсаулығы нашар. 75-і ауыр халде, 47-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бір күнде тағы да 1100 адамнан коронавирус анықталды.