«Денесін бөлшектеп тастаған» – полиция 19 жастағы қыздың өліміне қатысты мәліметті жариялады

«Денесін бөлшектеп тастаған» – полиция 19 жастағы қыздың өліміне қатысты мәліметті жариялады

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, күдікті жасырынған пәтерден қайтыс болған студент қыздың денесінің бөлшектері табылған.

«Күдікті ұстау кезінде өз-өзіне қол жұмсау мақсатында денесін жарақаттаған. Бірақ оның бұл әрекеті іске аспады. Оқиға орнына дәрігерлер шақыртылып, ұсталған адам №7 ауруханаға жеткізілді. Оны тәулік бойы күзетеді. Айыққаннан кейін ер адам тергеу изоляторына ауыстырылады. Күдіктінің айтуынша, Аяжан екеуінің арасында жанжал туындаған, оны өлтіріп, содан кейін қылмыстың ізін жасыруға тырысқан. Ол үшін ол қыздың денесін бөлшектеген. Дене бөлшектерін қаланың әр жеріне лақтырып үлгерген. Сот оны қамауға алды. Тергеу жүріп жатыр», – деді Салтанат Әзірбек.

Алматыда із-түзсіз жоғалған Аяжан Еділованың денесі табылғаны туралы хабарлаған едік. Туыстары жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын айтқан болатын. Күдікті 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды.