Коронавирус қайта күшейді

Коронавирус қайта күшейді

Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші ақпан айын­да бәсеңдегенімен, наурыздан бастап қайта кү­шей­ген секілді. Әсіресе, екі бірдей қалада, яғни Нұр-Сұл­тан мен Алматыда вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. Бас қала тіпті локдаун енгізіп, қатаң шектеулерге қайта оралды.

Елорданың эпидемио­ло­­­гия­лық ахуалы нашарлаған. Оған себеп – тұрғындардың карантин талаптарын сақ­­та­­­мауы. Вирус жұқтырушылар саны да өткен апталармен са­лыстырғанда күрт көбейген. Бұлай жалғаса берсе, былтырғы сценарий қайта­ланбай ма деген қауіп бар. Нұр-Сұл­тан­ның бас санитар дәрігері бұған «тұр­ғын­дардың бей­қам­дығы мен ка­­рантин та­лап­тарын ескермеуі себеп болып отыр», – дейді. Жағдай осылай ушыға бе­ретін болса, қатаң карантин қай­та орнауы мүмкін. Егер қа­лада күніне коронавирусты 500 адам жұқтыра бастаса, ау­­­ру­­­­ха­наның бәрі әп-сәтте то­лып қа­ла­ды. Сон­дықтан күніне 300 адам жұқ­тырған жағдайда қалада локдаун орнатылып, қатаң шек­теулер енгізіледі.

Вирустан сақтанудың жолы қандай?

Вирусқа қарсы вакцина сал­дыру әлі де маңызды. Бізде ва­к­цинация 1 ақпаннан бас­талды. Алғашқы болып дәрігерлер мен ұстаздарға салынды. Басында көп­шілігі «вакцинаның пайдасы жоқ, коронавирусқа қарсы күре­суге дәрменсіз» деп үрейленгені рас. Алайда дерт жұқтырғандар саны артты. COVID-19-ға қарсы күресудің жолы – вакцина. Ал оны қалай салдырады? Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем стансасы диспетчерінің мәліметінше, коронавирусқа қар­сы вакцинаны кез келген адам ала алады. Ол үшін тіркел­ген мекенжайы бойынша емха­наға барып, терапевт-дәрігерге жо­лығуы тиіс. Оның ешқандай сыр­қаты болмаса, дәрігер вак­цина алуына рұқсатын бе­реді. Не бо­маса 109 нөміріне ха­барласып, вакцинаны қай жер­ден алуға болатынын білуге бо­лады. – Вакцина екі екпеден тұ­ра­ды. Бірінші екпеден кейін вак­цина салдыртқан азамат жар­ты сағаттай дәрігердің ба­қылауында болады. Ыстығы көтеріліп, ма­­­за­­­сыздығы болмаса үйіне қай­тарылады. Бастысы – вакцина салынған соң екі са­­ғаттай су ішпеу керек. Соны­мен қатар үш күндей суға түспеуі тиіс. Сол күн­дері адам көп шо­ғырланған жерге бармай, үйде болғаны абзал. Арасында денесі қызып, ыстығы көтерілуі мүмкін. Бірақ ондай жағдай көбінде бай­қал­мады. Егер де дене қызуы түс­песе, пара­цетамол ғана ішуге болады. Кейбірінің сүйегі қақсап, сыр­қырап ауруы да мүм­кін. Артынан 14 күннен кейін екінші екпесі салынады. Ол кезде мұндай симптом бол­майды. Тек кей­бірінің ыстығы көтерілуі мүмкін. Бірақ оның бәрі өткінші нәрсе, – дейді фельдшер Ботагөз Мүс­лімова. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдыру арқылы вирусты жеңе аламыз деген үмітте. «Ұжымдық им­м­унитеттің арқасында қалыпты тіршілікке қайта ораламыз», – дейді ол.

Мутацияланған дерт

Гигиенист-эпидемиолог, ме­дицина ғылымдарының док­торы Арай Төлемісованың ай­туынша, коронавирустың үшін­ші тол­қынының басталуы қа­лыпты жа­ғдай. «Мутацияға ұшы­раған коронавирус туралы жиі айтылып жатыр. Мута­ция­ланған де­геніміз – оның қалай өзгеріп тұратынын, қан­дай дең­гейге ұшырайтынын ешкім білмейді. Елдегі климаттық өз­герістерге байланысты вирус та өзгеріп отырады. Егер тұр­ғын­дар ка­рантин талаптарын қатаң сақ­танған жағдайда бұл дерттен де оңай өтуге болар еді. Өкінішке қарай, қазір бәрі талапты ескере бермейді. Ол үшін жаппай халық карантиннің талаптарын мық­тап ұстанып, той-тома­лақтан, көп­шілік жиі жүретін орын­дардан бас тартуы керек еді. Қа­шып-пысып, той жасап, мей­рам­­хананың сырт жағынан кі­ріп, әлі күнге ойын-сауықты тоқтата алмай отырмыз. Көп­шілік жиыл­ған жерлерден кез келген адам­ның вирус жұқтырып алуы оңай», – дейді. Егер кез келген адам саналы түрде карантин талаптарын сақ­таса, дерттің күшеюіне жол бермес еді. Дәрігер Арай Төле­місова вируспен күресу үшін адамның иммундық жүйесі күш­ті болуы керек дегенді айтып отыр. «Дұрыс тамақтанып, дұ­рыс қорғанған адам вирусты жеңіл өткереді. Вирус бір дең­гейден екінші деңгейге өткен кезде аздап әлсірейді. Бірақ оның салдары қандай болмақ? Соны ойланған дұрыс», – дейді дәрігер. Әлемдік ахуалға көз тіксек, вакцинамен бірге мутациялар да қатар шықты. Дәрігерлер мұның екі жағы бар бар дейді. Біріншісі, өздігінен нейтрализация болып, жоғалып кетуі мүмкін. Екінші жағы – вирус күшейіп, адамды әрі қарай ауыртуы ғажап емес. Қазір Еуропада коронавирустың үшінші толқыны басталды. Ағыл­шындарда В117 мутациясы, Оңтүстік Африкада В1351, Бра­зилияда P1 мутациясы тарап жатыр. Эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге нашарлап бара жатқан секілді. Италия, Фран­ция, Венгрия, Германия, Чехия елдерінде тіптен күшейген. Фран­цияда коронавирусқа бай­ланысты күнделікті өсімнің 20 мыңнан түспей тұрғанына жар­ты айдай болған. Сол себепті билік эпидемиологиялық ахуа­лы на­шар өңірлерде комен­данттық сағат енгізіп, шектеу шараларын күшейтті. Әсіресе, ел астанасы Париждегі ахуал да күрделі. Дә­рігерлер биліктен қайтадан жал­пыұлттық локдаун енгізуді сұрап отыр. Қазақстанда да өткен тәу­лікте 1 100 адамнан коро­навирус инфекциясы анықталған. Ай­мақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 185, Алматы қаласы – 330, Шымкент – 35, Ақмола облысы –50, Ақтөбе облысы – 54, Алматы облысы –108, Аты­рау облысы –82, Шығыс Қазақ­стан облысы – 19, Жамбыл об­лысы –12, Батыс Қазақстан об­­­лы­­сы – 48, Қарағанды об­­лысы – 98, Қостанай об­лысы – 40, Павлодар облысы – 28, Түркістан облысы – 2. Осылай көбейе берсе, ка­рантинді қатаңдатуға тура ке­леді. Сол себепті бетперде та­ғып, басқа да сақтық шараларын сақтамасақ, коронавирус ин­фекциясын жұқтыру қаупі жо­ғары. Сақтанбасақ, ғалымдар бұл індеттің үшінші-төртінші және бесінші толқынға жалғаса бе­ретінін айтып отыр.

Айым БЕКТҰР