27 наурыздағы мәлімет бойынша, 22 746 адам коронавирус инфекциясынан (20 331 КВИ+ және 2 415 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 7 434 пациент стационарда, 15 312 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:COVID-19 белгілері бар пневмония ауруы туралы мәліметтер: 2021 жылдың 25 наурызындағы жағдай бойынша аурудың 102 жаңа жағдайы тіркелді. 190 адам сауығып кетті. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 50 317, ал оның 677-сі қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны 47 225 жетті.
342 адамның жағдайы ауыр;
76 науқас хәл үстінде;
47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.