Бір тәулік ішінде 17 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 28 наурыздағы мәлімет бойынша, 23 310 адам короновирус инфекциясынан (21 007 КВИ+ және 2 303 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 7 811 науқас стационарда, 15 499 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 348 адамның жағдайы ауыр;
- 81 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.