Алматы полицейлері күн жылығанда электросамокатпен жүреді

Алматы полицейлері күн жылығанда электросамокатпен жүреді

Алматының полиция департаменті 20 электросамокат сатып алмақшы. Ведомствоның хабарлауынша, самокаттағы патрульдер күн жылығанда саябақтар мен скверлерде тәртіпті қадағалайтын болады. Алматы полиция департаментінің Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында самокаттарға қанша қаржы жұмсалатыны белгісіз екенін жазған. "Патруль Сайран көлінің, Есентай мен Алматы өзенінің жағасында самокатпен жүреді. Қазіргі уақытта электросамокаттарды сатып алуға жоспарланған ақша сомасы нақтыланып жатыр", - деп делінген ресми жауапта. Айта кетейік, ақпанның басында Алматы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов қала полицейлері электросамокаттарға мінетінін мәлімдеді.