Коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірген өңірлер анықталды

Коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірген өңірлер анықталды

28 наурыздағы мәлімет бойынша төрт өңір "қызыл" аймақта қалған. "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары. "Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы және Қарағанды ​​облыстары. "Жасыл" аймақта: қалған өңірлер. Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін COVID-19 жұқтырған науқастардың саны күн санап артып жатқан өңірлердің арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы көш бастап тұрғанын хабарлады. Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1596 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды. Оның көбі Алматы мен Нұр-Сұлтанда тіркелді.