Алматы тұрғындарына жаппай бетперде сатып алудың қажеті жоқ

Алматы тұрғындарына жаппай бетперде сатып алудың қажеті жоқ

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова Алматы тұрғындарына жаппай бетперде сатып алып, дүрбелең тудырмауға шақырды, – деп жазды «ҚазАқпарат». Оның айтуынша, қазіргі кезде медициналық мекемелерле 1,1 миллион дана бетперде бар. Дәріханаларда да бетперде жеткілікті.

«Қорғаныс деңгейі жоғары М-95 бетпердесі дәрігерлер мен медбикелерге арналған. Оны жекелеген тұрғындардың жаппай сатып алуына негіз жоқ. Кәдімгі бетперде де жеткілікті деңгейде қорғайды. Қалада бетперделер жеткілікті. Бетпердені жаппай сатып алудың қажеті жоқ», – деді Айзат Молдағасимова.
Айзат Молдағасимова бір адамаға 15-20 дана бетпердеден артық сатпауды ұсынды.