«Мәйітті кілемге орап, қоқысқа тастаған» – күдікті әйел ұсталды

«Мәйітті кілемге орап, қоқысқа тастаған» – күдікті әйел ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, – деп хабарлайды Astana.TV.

Әлеуметтік желіде қала орталығында «қоқыс жәшігінен мәйіт табылды» деген видео пайда болды. Бір тәуліктен кейін полицейлер мәйіттің 38 жастағы ер адам екенін растады. Мәйіт кілемге оралған. Оны қоқыс жәшігінен жақын маңдағы көпқабатты үйдің тұрғындары тапқан. Бірақ ер адам ол үйде тұрмаған. Полиция денеден зорлық-зомбылық белгілерін анықтады. Марқұм пышақ жарақатынан өлген. Күдікті әйел ұсталды.

Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров: «Қылмысты жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды. Анықталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді.