Алматыда 3 келі алтын тасымалдамақ болғандар жазаланды

Алматыда 3 келі алтын тасымалдамақ болғандар жазаланды

Қылмысты Алматы қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Алматы қалалық ҰҚК департаментінің қызметкерлері әшкереледі.

«Тергеу барысында зергерлік бұйымдарды екі кәсіпкердің «Алматы – Анталия» әуе рейсі арқылы құны 68 млн теңге жалпы салмағы 3,1 келі бірнеше алтын құйманы тасымалдауға тырысқаны анықталды. Экономикалық контрабандаға әуе компаниялардың бірінің екі қызметкері көмектескен»,– делінген хабарламада. Сот алдын ала сөз байласып, аса ірі көлемде заңсыз алтын тасымалдағаны үшін кінәлілердің әрқайсысына 3,3 млн теңге айыппұл салды. Енді екі сыбайлас 100 сағат мәжбүрлі еңбек етеді. Оларға бас бостандығы 1 жыл мерзімге шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Біз бұған дейін алтын құймалар туралы жазған болатынбыз.