Ақтөбе полицейлері тұрғындардың бір-біріне апельсиннен балалар өліп жатқаны туралы хабарламалар таратып жатқанын хабарлады.
"WhatsАpp мессенджерінде Ақтөбеде апельсин мен мандарин жемістерін жеген балалардың өліп жатқаны туралы хабарлама таралып жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады",– делінген облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы хабарламасында.