Нұрсұлтан Назарбаев түркі елдеріне ұсыныс жасады

Нұрсұлтан Назарбаев түркі елдеріне ұсыныс жасады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитінде түркі елдеріне ұсыныс жасады,– деп хабарлады Tengrinews.kz.

"Менің алғашқы ұсынысым: біз одан әрі дамуды жалғастырып, Түркі кеңесінің болашағына қатысты құжат қабылдауымыз керек. Бакудегі саммитте Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін ұйым деңгейіне көтеруді ұсындым. Гуманитарлық және мәдени дамумен қатар біз бір-бірімізден көп нәрсе үйренеміз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе береді, соның арқасында біз жастарымыздың жаһандық деңгейде дамуына ықпал етуге мүмкіндік аламыз. Бізге бірге даму маңызды",– деді Елбасы.
Сондай-ақ, Назарбаев өзара сауданы дамытып, инвестиция тарту үшін жұмыс істеуіміз қажет екенін айтты.