31 наурызда Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Грузия, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 42 халықаралық әуе рейсімен 5 164 жолаушы келді. Олардың ішінде 5 135 адамда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 29 ҚР азаматы тиісті анықтамасыз келген.
- Алматы әуежайына – 19 рейс (2 504 жолаушы, анықтамамен – 2 487, анықтамасыз – 17);
- Шымкент әуежайына – 12 рейс (барлық 1 352 жолаушы анықтамамен келген);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 6 рейс (568 жолаушы, анықтамамен - 557; анықтамасыз – 11).
- Ақтау әуежайына – 2 рейс (барлық 292 жолаушы анықтамамен келген).
- Ақтөбе әуежайына – 1 рейс (барлық 240 жолаушы анықтамамен келген);
- Орал әуежайына – 1 рейс (барлық 70 жолаушы анықтамамен келген);
- Атырау әуежайына – 1 рейс (138 жолаушы, анықтамамен - 137; анықтамасыз – 1).