Алматыда 17 мыңға жуық адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Алматыда 17 мыңға жуық адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Алматыда кейінгі екі күнде 16 985 тұрғынға коронавирусқа қарсы вакцина егілді. Бұл туралы қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Мегаполисте екі күн бұрын жаппай вакцинация басталды. Вакцинаны 70 емханада, 31 сауда үйі мен ірі мәдени, білім беру және спорт нысандарында салдыруға болады. 2 сәуірде 7 010 адам, 3 сәуірде 9 975 адам вакцина салдырған.