Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

Алматыда Рысқұлов даңғылында екі қабатты ғимарат өртенді. Қалалық ТЖД-нің хабарлауынша, ғимаратты барлау кезінде ешқандай зардап шегуші табылмаған. ТЖД-нің мәліметінше, 4 сәуір сағат 13.22-де ТЖД қызметкерлі Алатау ауданы Рысқұлов даңғылы, 258-ге жіберілді. [caption id="attachment_125424" align="aligncenter" > Фото: Алматы ТЖД[/caption] "Екі қабатты ғимарат 5 минут ішінде өртке оранған. Барлау барысында адамдар табылған жоқ. Оқиға орнында 18 техника мен жеке құрамнан 60 адам жұмылдырылды", - деп хабарлады қалалық ТЖД. Өрт жарты сағат ішінде, 13.58-де ауыздықталды. Оқиға орнынан көлемі 25 литр газ баллоны эвакуацияланды.