Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, қазір ҰБТ-ны өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Білім және ғылым министрлігі білім саласында цифрландыру процесіне көшкеніне біраз уақыт болды. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. 2004 жылдан бері ҰБТ қағаз форматта өткізіліп келеді. Бастапқы уақытта ҰБТ-ны өткізу екі функцияны қатар алып жүрді. Біріншіден, мектеп бітіруге байланысты қорытынды аттестаттау жұмыстары және мектеп бітіргендігі жөнінде аттестат алу үшін қажет болды. Сондай-ақ, түлектер ҰБТ нәтижесі бойынша ЖОО-ға оқуға түсу үшін мемлекеттік гранттар конкурсына қатысады», – деді вице-министр.Біз бұған дейін Білім және ғылым министрлігінің бірнеше ЖОО-ның лицензиясын тоқтатқанын хабарлаған болатынбыз.