Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың рсеми сайты. Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.