«Қазақстан барысының» жеңімпазы директор болып тағайындалды

«Қазақстан барысының» жеңімпазы директор болып тағайындалды

Бұл туралы Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Рысқұл Ұлан Ғалымұлы Алматы облысы Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне директор болып тағайындалды. Алдағы жұмысына сәттілік тілеймін», – деп жазды Нұрбақыт Теңізбаев.

Біз бұған дейін Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов AIBA-да қызмет атқаратынын жазған болатынбыз.