«Футбол қақпасы баланың үстіне құлаған» – қылмыстық іс қозғалды

«Футбол қақпасы баланың үстіне құлаған» – қылмыстық іс қозғалды

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алматы полициясы футбол алаңындағы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 306-бабы бойынша іс тіркелгенін хабарлады.

Тергеуді Алматы қалалық Полиция департаменті жүргізеді. ҚР ҚК 306-баптың санкциясы 160 АЕК-ке дейін айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу немесе ұстау түрінде 40 тәулікке қамауға алуды көздейді. Одан бөлек, үш жылға дейін немесе белгілі бір лауазымдарда қызмет атқаруына тыйым салынады. Оқыс оқиға биыл 4 сәуір күні кешке, 8-ықшамаудандағы №79 үйдің ауласындағы балалар алаңында болды.

Алматы қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасы аулада 2020 жылғы келісімшартқа сәйкес, «EC-EnergyQazaqstan» ЖШС жұмысшылары күрделі жөндеу жүргізеді.