20 жыл бұрын жоғалған адам табылды

20 жыл бұрын жоғалған адам табылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Полиция департаменті басшысының атына жоғалған туысын тауып берген оралдықтан алғыс хат келді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орал тұрғыны Наталья Константиновна учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Көпжасар Жүсіповке 20 жыл бойы іздеген туысын тауып бергені үшін алғыс айтқан.
[caption id="attachment_126050" align="alignnone" > ©inform.kz[/caption]
Ол туысын табу үшін елордадағы Полиция департаментінің кезекші бөліміне хабарласқан. Оған жоғалып кеткен ер адамның тұруы мүмкін ауданға жауапты учаскелік полициясының нөмірін берген.
«Әйел учаскелік полициядан 20 жыл бұрын жоғалған туысын тауып беруді өтінген. Ол 2 күн ішінде ер адамды тауып, Оралға жетуіне көмектескен. Ер адамның тұрғылықты мекенжайы болмаған және  орайы келген жұмыстарды істеп, күнелтіпті. Полиция қызметкері оған азық-түлігін, пойызға билетін сатып әперген. Сөйтіп, оны Оралдағы туысы күтіп алды», - делінген хабарламада.