Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесінде жетінші орын алды. Olympic.kz-тің хабарлауынша, аталған санат бойынша қазақстандық спортшы  жартылай финалға жолдама алды.

Қазанда жүзуден Ресей чемпионаты жалғасып жатыр. Төртінші жарыс күнінде спортшылар 200 м қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша іріктеу өтті. Баландин өзіне тиісті қашықтықты 2:11.61 уақытта жүзіп өтті. Ресейлік Антон Чупков 2:09.98 уақытта бағындырып, іріктеуде көш бастады.

Айта кетерлігі, жартылай финалдық бәсеке 6 сәуір күні өтеді.