Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде алғашқы ондыққа Қазақстанның екі боксшысы ғана кірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Айдос Ербосынұлы супер орта салмақтағы боксшылар тізімінде 11-орында тұр. Тағы бір жерлесіміз Әли Ахмедов 25-орын иеленді. Бұл дивизионның чемпионы - мексикалық Сауль Альварес. Орта салмақтың рейтингінде екі қазақстандық боксшы бар. Жәнібек Әлімханұлы титулға жақын. Қазақ боксшысы алтыншы орынға жайғасқан. Мейірім Нұрсұлтанов 15-орында. Аталмыш дивизионда чемпиондық белбеу америкалық Джермалл Чарлоға тиесілі. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта 22-орында тұр. Бұл салмақтағы WBC белбеуі кіші Эррол Спенстің еншісінде.