Кеше Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Алайда Президент бұған дейін коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдыратынын айтқан еді, - деп хабарлады 24.kz. Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президенттің не себепті «Спутник V» вакцинасын салдырғанын түсіндірді.
«Мемлекет басшысының «Спутник V» екпесін салдыруының себебі, ол - қазақстандық вакцина. Яғни, Қазақстанда өндірілген. Иә, екпені ресейлік ғалымдар әзірледі, бірақ, ол Қазақстанда өндіріледі. Барлық жерде, орам материалында да, зауыттың өзінде де бұл вакцина Қазақстанда өндірілген деп жазылған», - деп түсіндірді министр.Ал, министрдің өзі отандық ғалымдар әзірлеген QazVac вакцинасын салдыратынын айтты. Отандық вакцина қазір сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатыр. Осы айдың соңына қарай қолданысқа енгізілуі мүмкін.