Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой белгілі әншілер Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиевтің тойға қатысуына қатысты жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстарына қатысты пікір білдірді.
"Бізге түскен мәліметке қарағанда, бұл той биыл болмаған", - деді министр.Бұған дейін Алматының Алмалы ауданының мониторингтік тобы қазір осы фактіні тексеріп жатқанын жазған болатынбыз.