Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты.
"Отырыста Кеңестің жұмыс жоспары, бағыт-бағдары қарастырылды. Кеңеске Мәжіліс депутаттары, қоғам өкілдері, сарапшылар мүше. Құрылымның жұмысы ашық, қоғаммен тығыз қарым-қатынаста жүретін болады. Кеңес мүшелерін таныстыруға рұқсат етіңіздер. Кеңестің бірінші отырысы жөнінде осы желіде қауымды құлақтандыратын боламыз. Күн тәртібін бірге талқылаймыз", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.