Көкшетауда полиция қызметкерлері мен жарылғыш затпен жұмыс істейтін мамандар «бомбаны» іздестіруде, деп хабарлады ҚазАқпарат. Кешкі сағат 20:33-те Ақмола облыстық Полиция департаментінің кезекшілік бөліміне жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінен ақпарат түскен. Онда ТЖД-не белгісіз біреу «Арбат» сауда үйіне «бомба» қойылғандығын телефон арқылы хабарлап айтқан.
«Айтылған жерге жедел- тергеу тобы, көліктегі және жаяу полиция қызметкерлері жетті. Барлығы 100-ге жуық адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері мен жарылғыш затпен жұмыс істейтін мамандар «бомбаны» іздестіруде. Сонымен бірге, жарылғыш зат туралы хабарлаған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шарасы қолға алынды», – деді ведомстводан.