Павлодарда 40 жолаушысы бар автобус өртенді

Павлодарда 40 жолаушысы бар автобус өртенді

Оқиғаның мән-жайын Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары анықтап жатыр.

Рavlodarnews.kz-тің жазуынша, Павлодар – Ленин кенті тас жолында №38 МАЗ маркалы автобусы өртенген.

«Жолаушылар автобусы  № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да түскен, өрт сағат 09.07-де сөндірілді, – дейді мамандар.

Астобустағы 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Өртті 9 адам екі техникамен сөндірді.