8 сәуір күні Атыраудағы тергеу изоляторында күдіктіге әкелген сәлемдемені тексеру барысында 19 бауырсақтың ішіне жасырынған ақ түсті дәрі-дәрмектер табылды.
– Заңсыз сәлемдеме УГ-157/1 мекемесінде ұрлық жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталып отырған азаматқа арналғаны анықталды. Мекемеге Атырау қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, тәркіленген дәрілік заттар сот-медициналық сараптамасына жөнелтілді, – деп хабарлайды мекеме бастығы Мейірбек Уразгалиев. Сот медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін іс-құжаттар "курьерді" жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданады. Айта кету керек, мекемеге келетін сәлемдемелердің барлығы мекеме қызметкерлерімен жіті тексеріліп, рентген аппараты арқылы өтеді.