Атырау қаласы №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, тәрбиеші Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды азаптау» бойынша айыпталған. Заң бойынша 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сот әйелді баланы ұрғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот отырысында тәрбиеші кінәсін ішінара мойындады. Прокурор мен жәбірленуші тарап соттан айыпталушыны бас бостандығынан айыруды сұрады.«Сотталушының кішкентай балалары болғандықтан жазасы жеңілдетіліп, оны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды» делінген соттың хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Оқиға былтыр желтоқсан айында болған еді.