Алматыда жолаушылар автобусы бетон қабырғаға соғылды

Алматыда жолаушылар автобусы бетон қабырғаға соғылды

Алматыда автобус Шығыс айналма жолында жолайрықтың бетон қабырғасына соғылды. Апат салдарынан бес жолаушы жарақат алды.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 сәуір күні сағат 18:20-да болған.

«1992 жылы туған  автобус жүргізушісі Халиуллин көшесімен шығыс бағытта, Шығыс айналма жолындағы көпірдің астымен жүріп келе жатып бетон қабырғаға соғылды. Жол апаты салдарынан автобустың бес жолаушысы зардап шекті. Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық Полиция басқармасы анықтайды», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Бұған дейін Алматыда автобус көшеден өтпек болған қызды қағып кеткенін жазған болатынбыз.