Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кеше Мемлекет басшысының өкімімен жоғарыда аталған қызметтен Нұрлан Сауранбаев лауазымынан босатылған еді.Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» компаниясына басшы болып тағайындалды.